ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ ҚАЗ
Gorenje электронды таразысын таңдағаныңыз үшін
алғыс айтамыз. Аспапты дұрыс әрі қауіпсіз қолдану үшін
осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Оны көптеген
жылдар бойы үздіксіз пайдаланатыныңызға сенімдіміз.
Пайдалы кеңестер
Сіздің таразыңыз - бұл жоғары дәлдікті электронды
аспап. Адамның қозғалғыш болуына байланысты оның
денесі өлшену кезінде қиындық тудырады. Барынша дәл
деректер алу үшін таразыға әрқашан бір жерде тұруға
және қозғалмауға тырысыңыз.
Таразыны ақырын қолданыңыз. Оны құлатпаңыз және
үстіне секірмеңіз. Таразы айтарлықтай берік, дегенмен
дұрыс қолданбау электронды датчиктерді істен шығаруы
мүмкін.
Таразыны ешқашан суға батырмаңыз! Таразының бетін
тазалау үшін дымқыл шүберекті немесе әйнек
тазалағыштарды қолданыңыз.
Таразыны ашпаңыз және бөлшектемеңіз!
Сақтық шаралары
Қорек элементінен жұмыс жасайтын аспаптарды қолдану
кезінде өрттің туындауының, жарақаттар мен
материалдық шығындарды азайту үшін қауіпсіздік
техникасы ережелерін орындау қажет.
Осы нұсқаулық аспаптың мақсатын және оны
қолдануды сипаттайды.
Осы нұсқаулықта көрсетілмеген аксессуарлар мен
құрал-жабдықтарды қолдану немесе аспапты мұнда
қарастырылмаған мақсатта қолдану материалдық
шығын қауіпін тудыруы мүмкін.
Нұсқаулықты одан әрі қолдану үшін сақтап қойыңыз.
Аспапты қолдану
* Таразыны жылу көздеріне немесе олардың жанына
қоймаңыз.
* Таразыларды тек ғимараттарда ғана қолданыңыз.
* Таразыны судан және жоғары ылғалдықтан
сақтандырыңыз.
* Таразыларды ауа температурасы 10°C-ден төмен
және 30°C-ден жоғары ғимаратта қолданбаңыз..
Қолданғаннан кейін
* Егер таразыны ұзақ уақыт бойы қолданбайтын
болсаңыз, батареяларын алып тастаңыз.
* Аспапты құрғақ, балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
Тексеру және жөндеу
* Қолдануды бастамас бұрын аспапты бұзылулардың
немесе ақаулардың бар-жоғына тексеріңіз. Аспаптың
дұрыс жұмыс жасауына әсер етуі мүмкін
бұзылулардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
* Бұзылу немесе ақау болған жағдайда аспапты
қолданбаңыз.
* Таразыны жөндеуді тек уәкілетті дилер ғана жүзеге
асыра алады.
* Егер осы нұсқаулықта тиісті нұсқаулар болмаса,
аспаптың қандай да бір бөлігін алуға немесе
ауыстыруға тырыспаңыз.
Электрлік қауіпсіздік
* Қысқаша тұйықталу қауіпінің алдын алу үшін аспапты
және қорек элементтерін суға немесе басқа да
сұйықтыққа батырмаңыз.
* Қорек элементтерінің сәйкес келетін түрлерін ғана
қолданыңыз (техникалық деректерді қараңыз).
* Ешқашан қайта зарядталмайтын батареяларды
зарядтауға тырыспаңыз.
* Таразыны басқа электронды аспаптарға, мысалы,
ұялы телефондарға немесе қысқа толқынды пештерге
жақын жерлерде қолданбаңыз, бұл аспап
электроникасы жұмысында кедергілердің пайда
болуына алып келуі мүмкін және дисплейде дұрыс
емес деректер көрсетіледі. Мұндай жағдайдың орын
алмауы үшін кедергі тудыратын аспапты сөндіріңіз
немесе таразыны жеткілікті қашықтыққа
жылжытыңыз.
Алғаш қолданар алдында
* Аспаптың барлық қаптама материалдарын ағытыңыз,
дисплейдің қорғаныс пленкасын алыңыз.
* Таразының кері бетіндегі батареяларға арналған
бөлікті ашып, батарея мен контакттар арасындағы
пленканы алып тастаңыз. Батареяларға арналған
бөліктің қақпағын орнына орнатып, сырт еткізіңіз.
* Таразы салмақты килограмммен (KG) және фунтпен
(LB) көрсете алады.
* UNIT (ӨЛШЕМ БІРЛІК) сенсорымен қажетті бірлікті
таңдаңыз.
Орын таңдау
Таразыны тегіс, жылуға төзімді әрі қатты бетке қойыңыз.
Қатты бет - дұрыс өлшеуге арналған қажетті талап.
► Таразы сырғанамайтын резеңке кілемшелермен
жабдықталған. Таразы орнатылатын беттер түрлі